Жұрт төрт күн бойы іздеген жігіттің денесі Есіл өзенінен табылды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

29 жастағы жігіт туған күн кешіне кетіп, содан қайтып оралмаған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Петропавлда із-түзсіз жоғалып кеткен 29 жастағы жігіттің денесі Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Петропавлда 29 жастағы мемлекеттік қызметкердің жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді. Оны полицейлер мен еріктілер 4 күн бойы іздеді. Жас жігіт туған кешіне кетіп, қайтып оралмаған.

Туысқандарының айтуынша, қонақтан шыққан ол жол бойы таксиден түсіп қалып, жаяу жүрмек болыпты. Тіпті, сол уақытта әпкесімен телефон арқылы тілдескен екен. Олардың сөзіне сенсек, сол түні оның қалтасында кредитін төлеуге қажетті ірі мөлшерде ақша болған. 

Полицияның хабарлауынша, сауда үйінің бейнебақылау камералары соңғы рет жігіттің Есіл өзеніне бағыт алғанын түсіріп алған.

«Із-түзсіз жоғалып кеткен Петропавл қаласының тұрғынын іздеу жұмыстары бірнеше күн жүргізілді. 7 тамызда таңертең Есіл өзеніндегі бөгет жанынан 1990 жылы туған Салықов Сағындық Ерденұлының денесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.



sputniknews.kz


Тегтер:Есіл өзені