Жұрт Төреғалиға қосқан актрисаның жел сөзден соң сүйіктісімен ара-қатынасы бұзылған — новости Казахстана
Төреғали Төреәлінің «Ұлы дала комедиясы» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Мадина Оспанова желіде ұлы дала баласының хештегімен белгіленген жазба қалдырғаны үшін дауға ілікті. Жұрттың сөзінен соң актриса сүйіктісімен ара-қатынасы бұзылған деп хабарлайды «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қаңқу сөздің ара-қатынасына сызат түсіргенін отандық актрисаның өзі айтып берді.
«#ТТТ деген хештегті киноға түспей тұрып та қоятынмын. Бірақ менің белгілеп жүргенімді кинодан кейін байқай бастады. Сіздерде парақшамды қарау, анализ жасау деген жоқ екен», — деп ренжіген Мадина Оспанова өзінің сүйіктісімен бес жыл бойы кездескенін жасырмады.
«Менің өмірдегі жолдасымның аты-жөні мен тегі — ТТТ. Осы күнге дейін мұндай жағдай үйреншікті болатын. Мен өзімнің біреумен қарым-қатынасым бар екенін жасырмағанмын. Ол екеуміздің суретімізді бетін жауып салатынымызды, сол хештегпен белгілейтінімді білетін. Бірақ, осы жаңалық қалай шықты, солай біздің ара-қатынасымыз бұзылып кетті.
Негізі біздің кездескенімізге бес жыл болды. Осы жақын арада той жасаймыз деп жүргенбіз. Бірақ осы жаңалықтардан кейін біздің арамыз үзіліп кетті», — дейді актриса.
Сонымен қатар Мадина Оспан Төреғалимен қандай қарым-қатынаста екенін айтты.
«Кино кезінде біз тек алаңдағы серіктестер болдық. Өмірде «қарындасым» дейді. Мен «аға» деймін. Киноның түсірілімі қалай бітеді, солай өз жөнімізге кетеміз. Қатты ұялдым. Екеуміз жайлы осылай жазылғанына ағаның алдында да ұялдым. Әке-шешемнің, жолдасымның алдында ұят болды», — дейді Мадина Оспан.
Естеріңізге сала кетейік, отандық актрисаның Instagram парақшасындағы хештегдері жұрттың қызу талқысына түскен болатын.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz