Жүрсін Ерманның айтысына Антикордың күдігіне іліккен ақын келіп қатысып жатыр

0
Алматыда «Асыл домбыра» айтысы өтіп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Ақындар додасына қатысуға Солтүстік Қазақстаннан ақын Жарқын Жұпархан келген. Бір қызығы, оны қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері тергеп жатқан көрінеді.

– Жарқын Жұпархан — Солтүстік Қазақстандағы талай айтыстарды өткізіп жүрген азамат. Жылына екі рет айтыс жасайды. Осы бүгінгі айтысқа басы қиындыққа тап болып, келіп тұр екен. Антикор деген мекеме соңына түсіп, бір күнге ғана рұқсат еткен, – деді жүргізуші Жүрсін Ерман.

Ол ұйымдастырған айтыстарына байланысты тергеп жатқанын айтты. Ал ақын өз сөзін былай бастады:

«Шабытымды Жүрсін көкем жанып тұр ғой,

Қолдайтын алдымда халық тұр ғой.

Сұралып жүрсем де жетіп келдім,

Есілдей толқын ұрып ағып тұр ғой.

Басшыларды ұстамайтын Антикорым,

Ақындарды ұстайтын болып тұр ғой».

Әзірге ақын Жарқын Жұпарханды аталған агенттіктің тексеріп жатқанына қатысты ресми ақпарат жарияланған жоқ.