Жүрсін Ерманның 5 томдық шығармалар жинағы жарық көрді

0

Ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Бұл туралы Шұғайып Сезімхан Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Сүйінші ағайын!
Жүрсін Ерманның Бес томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Жинақта ақынның өлеңдері, көркем очерктері, естелік-эсселері, сұхбаттары және Жүрсін Ерман жайлы лебіздер мен өлеңдер топтастырылды», — деп жазды Шұғайып Сезімхан.

Айтуынша, бес томдық жинақтың шығуына қолдау көрсеткен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Кітаптың тұсаукесері қашан болатыны әлі белгісіз. 

«Қамшы» сілтейді