Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр

0

«АЙТЫС ДЕГЕН – ҚАЗАҚТЫҢ КУӘЛІГІ»

Ибн Синаның «Дәрігерлік ғылымның каноны» («Канон врачебной науки») еңбегінде: «Біз үшеуміз: сен, мен және сырқат, егер менің жағыма шықсаң, екеулеп сырқатты жеңеміз, керісінше болса, онда мені жеңіп кетесіңдер», – деген жолдар бар.

Журсин Ерман ағамыздың жансақтау бөлімінде жатқанына аптаға жуықтады. Алла емінің шипасын берсін! «Ауырып тұрдым – аунап тұрдым» деп, тезірек ортамызға оралсын!

«Айтыс деген – қазақтың куәлігі,

Жүрсін Ерман ағамыз мөрін басқан»,– деп едім. Осы бағам – баға! Болашақта мемсыйлық Жүкеңнің қанжығасына байланып жатса, алдымен поэзиядағы ерекше қолтаңбасына берілуі керек. Дала демократиясының символы саналған айтыс өнеріне сіңірген еңбегі үшін «дваждый кавалар» атанса, ол да жарасып тұр!

Бірақ, мінезді ағамыз «Лев Толстой» деген атақ Нобельдің көйлеңкесінде қалып кетеді деп қорқамын» деген ұстанымға салып, сыйлықтан бас тартуы да мүмкін.

Сол күнге жетейік. Өзіңіз болғаныңыз дұрыс, аға!

Бекжан АШИРБАЕВ