Жүрсін Ерман ұзақ уақыттан кейін көпшілік алдына шықты (фото)
Ұзақ жылдар бойы айтыстың басы-қасында жүрген Жүрсін Ерман қазақтың халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған республикалық ақындар айтысында қазылар алқасында төрелік етті. Ақын Жүрсін Ерман Қостанай облысында өткен Республикалық ақындар айтысына келді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұзақ жылдар бойы айтыстың басы-қасында жүрген Жүрсін Ерман қазақтың халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған республикалық ақындар айтысында қазылар алқасында төрелік етті. Ақынның фотосын Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай желіге жүктеген.
«Жүрсін Ерман ұстазымыз бастаған қазылар алқасына, айтыс ақындарына, ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін», – деп жазды ол.
фото: madeniportal.kz