«Журналистің кәсіби қызметіне кедергі жасау
22 шілдеде белгісіз әйелдер Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаева мен оператор Тоқмолда Құсайыновқа шабуыл жасады. Азаттық тілшілері Алматыдағы адам құқығын қорғау бюросындағы баспасөз жиынына барған. Ғимараттың төртінші қабатына көтеріліп бара жатқан журналистерге тарпа бас салған бес әйел оларға қол жұмсап, кәсіби техникасын сындырды. Белгісіз әйелдер ҚазТАГ ақпарат агенттігі мен Алматы арнасының да тілшілеріне шабуылдаған. Журналистер мен сөз бостандығын қорғаушылар бұл оқиға туралы не дейді?