Журналист жылап үндеу жолдады. Министр желіде жауап берді (ВИДЕО)
Желіде журналист Ербол Мәндібектің президентке жылап үндеу жолдаған видеосы тарады. Оған министрлік жауап берді.
Тілшінің айтуынша оған құзырлы орган тарапынан қысым жасалған. Балаларының болашағы үшін алаңдаулы азамат, мемлекет басшысынан құқығының қорғалуын сұрауда.
“Сабырым таусылды. Бірнеше ақпарат видеоларды жасырып қойдым. Хабары бар адамдар оны қалай табуды біледі. Балаларымды, бауырларымды ойлап, жылап отырмын”, — деді ол видеода.
Аталмыш жайтқа қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі пікірін білдірді. Журналистің өтініші бойынша ҚР Ішкі істер министрлігі мән-жайды анықтап, жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
“Бүгін әлеуметтік желіде журналист Ербол Мәндібектің видео үндеуі жарияланғанынан хабардармыз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жағдайды қадағалап, құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыс жасап отыр. Әріптеске қандай да бір құқықтық көмек көрсетуге әзірміз”, — деп жазды Дархан Қыдырәлі.
Мәселенің жай-жапсары әлі де анықталуда.