Журналист Владимир Рерих өмірден озды

0

Бұл туралы журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Kznews.kz.

– Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен… Володя,Владимир,Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды… – дейді Дана Нұржігіт.

Еуразия медиаформының бұрынғы бас продюссері Владимир Рерих 1958 жылы Талдықорғанда туған. Еңбек жолын орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған. Елдегі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек еткен. Ораз Рымжановпен бірге түсірген «Полигон» фильмі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. Әр жылдары әртүрлі телеарнада «Майдан», «Что делать?», «Формула личности» ток-шоуларын жүргізіп, деректі фильмдерді түсірген.

2003-2004 жылдары аралығында “Хабар” агенттігін басқарған.

Рерихтің кезінде «Дариға Назарбаеваның оң қолы болғаны» туралы да мәліметтер бар. Алайда сұхбаттарының бірінде журналистің өзі «мен ешқашан өзімді біреудің қанатының астында жүргендей сезінбеппін, мен Дариға Назарбаевамен теңқақылы серіктес болдым» деген.

2012 жылы Германияға көшіп кеткен.