Журналист Рахат Мамырбектің «Ұлт туралы арман» кітабы жарық көрді

0

Алматыда осыдан бір жыл бұрын 39 жасында дүниеден өткен Азаттық журналисі Рахат Мамырбектің «Ұлт туралы арман» кітабы жарық көрді. Жинаққа журналистің әр жылдары жазған мақалалары, сұхбаттары, ғылыми еңбегі мен Азаттық сайтында жарияланған блогтары енген. Оларда автордың Қазақстан мен әлем елдерінің даму үрдістері, мәдени құндылықтар мен қоғамдық-саяси оқиғалар туралы ой-толғамы берілген.

Жинақтың шығуына марқұм Рахат Мамырбекпен бірге қызмет істеген әріптестері және демеушілер қолдау көрсеткен.

Журналист Рахат Мамырбек 2017 жылы 20 желтоқсан күні Алматыда қайтыс болды. Ол 2012 жылдан бері Азаттықтың Қазақ редакциясы Алматы бюросында редактор және жүргізуші болып қызмет атқарды. Рахат Азаттықтағы «Еркін сөз» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды, AzattyqLIVE xабарын тікелей эфирде жүргізді.

Рахат Мамырбек ҚазҰПУ-ды саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. Ол Азаттыққа келгенге дейін «Қазақстан», «31-арна», КТК және «Алматы» телеарналарында жүргізуші, редактор болып жұмыс істеген. «Қазақстан» телеарнасында жергілікті телеаудиторияға кең танылған «Күлтөбе» телехабарының авторы әрі модераторы болған.

Дереккөз: Азаттық