Журналист қазақ қыздарымен төсектес болғысы келген шетелдіктің аузын қалай жапқанын айтты
Саясаттанушы, журналист әрі баспагер Бақытжан Бұқарбай көп жыл бұрын басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
«2015 жылы Еуропада сапарлап жүрген кезім. Баста ешқандай жоспар жоқ, ертең қай қалада оянатынымды автовокзал білетін күздің шуақты күндері еді, шіркін! Сол жерге барып, ең бірінші жүретін автобусқа отыра салатынмын.
Мюнхенде автовокзалда Зальцбургқа жүретін автобусты күтіп отырғанда жаныма бір жігіт келіп қосылды. Қалтамда темекім таусылған еді (ол кезде шылым шегемін), “стрелять” етудің сәті туды. Екеуміз темекі тартып отырып жөн сұраса бастадық. Өзі тілге әбден жатып алған жігіт екен. Есімнен шығып кетпесе, шығысым румын, бірақ Біріккен Корольдіктің азаматымын деді. Жақсы жерде жұмыс істеп, тәуір табыс табатынын айтты.
Көп ұзамай өзінің өмірлік хоббиіне көшті. Сөйтсе, шетел аралап, сол жақтардың қыздарымен төсектес болғанды ұнатады екен. Кәдімгі коллекция жинағандай айтып отыр. Маған “дюрекстің” бір данасын сыйлап, еуропалық сапарымда “сәттілік серігің болсын” деп тілеп те үлгерді. Бірақ осыдан кейін оңбай сүрінді. “Қазақстанға барсам, қазақ қыздарымен оңай бола алам ба? Төсекте қалай өздері?” — деп сұрады. Мен өзімді сондай бір керемет “амашыр” санамаймын, бірақ бұл сұрағы бір түрлі жақпады.
— You may be able to sleep with a Kazakh girl (қазақ қызымен төсектес бола алатын да шығарсың), — деп байыппен бастадым мен. Осы сәтте оның көздері ойнап, қызығушылығы ояна бола бастады.
— But after that, be sure, Kazakh guys will fuck you in the ass. (Бірақ бұдан кейін, шүбә келтірмей-ақ қой, қазақ жігіттері … … алады), — дедім.
Жаңадан танысқан жігіттің зәресі ұшты ма, білмеймін, түрі өзгеріп кетті.
— I have to go (баруым керек), — деді де, табанын жалтыратты.
Мен болсам автобусқа секіріп, Австрияға жол тарттым», — деп жазды ол.