Журналист: Өмір мен деңгей You-tube-тағы қаралыммен ғана өлшенетін деңгейге жетіпппіз — Қазақстан жаңалықтары
Журналист, ақын Есей Жеңісұлы қазіргі талғамсыз әндер мен соны тыңдайтын жастарға сын айтты.
«Беу» токшоуына сарапшы болып қатысып сыртқа шыққанымда, бір бозбала сөзге тартты. Қазіргі әншілерді керемет жақсы көреді екен, біздің сынымыз түк ұнамапты. Үйбайау, көрері әлі көп емес пе, сөзін көңіліме алмадым. Ол әлі өседі, кейін маған айтқан пікіріне өзі күледі.»Аға, сіздер қазіргі жас әншілер мен ақындарды қатты сынадыңыздар. Мұқағали мен Шәмші де өлген соң қатты ардақталды емес пе? Сіздер сынаған адамдар солай болады деп қорықпайсыз ба?» дейді», — деп жазды Есей Жеңісұлы желідегі парақшасында.
Есей Жеңісұлы қазіргі жастардың талғамы тым төмендеп кеткенін айтты. Деңгейдің тек рейтинг арқылы таңдалатынына өкініш білдірді.
«Битіп биле» деген мәтін кейін көкке көтеріле мақталатын болса, біздің барар жержердің түбі онда.Өмір тек мақтаудан, көзсіз табынудан тұрса, бәрі керемет болар еді. Бірақ басқа да пікірлер, көзі ашық көзқарастар барын қатысушылар түсінсе болғаны.Өмір мен деңгей Youtube қаралымымен ғана өлшенетін деңгейге жетіп алыппыз. Өкінішті.Әлия қарындасым қолға алып, Сәкен ағам жүргізіп жатқан «Беу» токшоуына жастар қатты сын айтады, тіпті аузына келгенін аямайды екен. Мейлі. Осындай бір дүние бәрібір қажет. Өздеріңіз қараңыздар, бізде ән әлеміне ешбір мектепсіз келіп қосылатын адамдар көбейіпті.»100 пайыз менікісің»,»Оған вообще қарама» деп ән айтады жастар. Жастар соны тыңдайды. Біз мына жақта «бетті басып, қатты сасып», ескілікті адам болып отырмыз», — дейді ол.
stan.kz