Журналист Мақсат Толықбай: Үш полицейді қаққан жүргізуші формада болмаса неге шешіндірді — Қазақстан жаңалықтары
Алматыдағы блок-бекетте болған екі полицейдің өлімі елдің елең еткізбей қойған жоқ. Оған қатысты дау-дамай көптеп тарады. Күдіктінің өзі де полицей деген тарап шықты. Оны марқұмдардың әйелі де, күдіктінің көршісі де айтып бақты.
Бұл ретте Мақсат Толықбай жеке пікірін желіде жазды. Оның айтуынша, күдікті де полицей. Олай болмаса не себепті киімін шешіп тастаған деген саяды.
«Үш полицейді қаққан жүргізуші формада болмаса неге шешіндірді? Рөлде іш киіммен отырмаған шығар?! Қысқасы, ішкі істегілердің ойыны іске аспай қалды», — деп жазды ол.
«Мен де солай ойлаймын, ол формада болған», «Іші түтін сырты бүтін демекші жылтырап көрінгілері келедау қасқырға қой терісін кигізгенмен қой болалмайды аузы бәрібір қанға бұлғанады», «Полиция лардың бет перделеры ашылып жатыр», — деп жазды өзге желі қолданушылары.
Еске салайық, бұған дейін қалалық ПД өкілдері мас жүргізушісі полиция қызметкері емес деп ақталған болатын.
Бұған дейін Алматыдағы бақылау-өткізу пунктінде көз жұмған полиция офицері Дастан Әбдіқановтың әйелі күйеуімен қоштасу туралы жазылған хабарламасы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Полицейлердің айтуынша, Алматыдағы бақылау-өткізу пунктінде полиция көлігіне соғылған BMW көлігінің жүргізушісі алты жыл құқық қорғау органдарында жұмыс істеген.
Еске салсақ, Динараның күйеуі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов есіне келместен ауруханада көз жұмды. Ол полицияда 2016 жылдан бері қызмет еткен. Оның артында бір айлық ұлы қалды.
stan.kz