«Журналист Козачков қамауда. Мені оның пәтеріне кіргізбейді» — адвокат

0
30

«Мен Козачковтың ұсталғанын білмеймін, ол кезде болған жоқпын. Тіпті оның үйіне кіргізбейді. Мен сағат 17:00-де келдім, 17:01-де кезекші прокурорға алғашқы қоңырау келіп түсті, жағдайды түсіндірдім, сондай-ақ жағдайды SMS арқылы да баяндадым және сол ақпаратты Алматы қаласының прокурорына жібердім. Кезекші прокурор басында маған бірнеше қоңыраудан кейін көмектесе алмайтынын айтты, қазір телефонды көтермейді. Мен оған жиі-жиі қоңырау шалып жатырмын, жіберген хабарламаларымды оқыса да, жауап жоқ. Менің ойымша, бұл адвокаттық қызметке кедергі келтіретін әрекеттер. Пәтерде заңсыз нәрселер жасалып жатыр ма деп қорқамын, себебі олар адвокаттарды, қосымша куәгерлерді араластырғысы келмейді», — деді адвокат Анна Веретельникова Orda.kz сайтының журналистіне.

Пәтерде Михаил Козачковтың әйелі мен балалары қалды.  Веретельникова екі сағат бойы Козачковтың пәтеріне кіре алмай жүр, оған адвокат Артем Тимошенко да қосылды.

 http://t.me/orda_kz

Фото: ашық ақпарат көзінен