Журналист Егеубаеваның көлігін өртеп жіберген бес күдікті ұсталды

0

Алматы полициясы Д.Егеубаеваның көлігін өртеп жіберді және «El Media»редакциясының алдыңғы есігінің әйнегін сындырды деп күдіктенген бес адам ұсталғанын хабарлайды.

«Операциялық бөлімше қызметкерлері 2005, 2006 және 2007 жылы туған бес кәмелетке толмаған баланы бірқатар қылмыстар жасады деген күдікпен ұстады», — делінген хабарламада.
Барлығы мойындады. Нәтижесінде олар екі тапсырысты да белгісіз адамнан интернет арқылы алғаны белгілі болды. Сол сияқты, Тапсырыс беруші оларға «жұмыс» үшін ақы төлеген.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын сайлау туралы мәселе шешілуде. Тергеу жалғасуда. Сонымен қатар, тапсырыс берушінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қаласы ПД басшылығының бақылауында.

Ақпарат: http://t.me/orda_kz
Фото: vlast.kz