Журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды
Қазақстандық журналист және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды.
– Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен бірге, күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды, – деп хабарлады полициядан.