Журналист Бекетованың өліміне кінәлі деп танылған тұрғын сотталды

0

23 сәуірде Нұр-Сұлтанда сот 35 жастағы қала тұрғыны Анатолий Гусейновті журналист Ирина Бекетованы өлтірді деп айыптап, 11 жыл түрме жазасын кесті.

Сот үкіміне сай, айыпталушы Бекетованың отбасына моральдық шығын ретінде 6 миллион теңге төлеуі тиіс. Сот үкімі күшіне енген жоқ, Гусейновтің апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

Судья Вероника Семенованың сөзінше, Гусейнов Бекетоваға пышақ жұмсағанын мойындаған, бірақ оны өлтіру ойында болмаған.

Былтыр Астанада (қазіргі — Нұр-Сұлтан) 25 қыркүйекке қараған түні журналист Ирина Бекетованың мәйіті табылған. Журналисті өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталған.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 37 жастағы Ирина Бекетова 12 жылға жуық «Қазақстан теміржолшысы — Железнодорожник Казахстана» газетінде, Nur.kz сайтында жұмыс істеген.

Azattyq