Журналист: Айнұр Тұрсынбаева шынымен айдың нұры ма, әлде елді тонаған ұры ма — Қазақстан жаңалықтары

0

Журналист Арман Сқабыл айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваны сынға алды. Оған айтыскердің ақылы тренинг дәрістері себеп болды.

Журналист: Айнұр Тұрсынбаева шынымен айдың нұры ма, әлде елді тонаған ұры ма

Арман Сқабылұлы бұл тізімге Құралай ханым, Сара Тоқтамысова, Кәмшат Бекжігітованы да жатқызды. Ел індетпен күресіп жатқанда халықтың ақшасын жымқырып жатыр деп айыптады.

«Айнұр Тұрсынбаеваның елді алдап, ақша тауып жүрген әрекетін «мародерлік» дер едім. Интернетте бұл әулиелердің жарнамаларынан көп дүние жоқ. Қиын сәтте елдің «ыбырайы» көмек қолын созса, бұл сұмырайлар керісінше елін тонауда. Мұның соңы жақсы болмайды. Соны ұмытпаңдар, «әулиелер», — деп жазды Арман Сқабыл желідегі парақшада

stan.kz