Журналист Әйгерім Есенәлі жаңа челлендж бастады

0

Жыл соңыңда белгілі журналист жаңа челлендж бастады.

«Мен осы жылы Ақпарат саласының үздігі медалін кеудеме тақтым. Медиа саласындағы 23 жылдық еңбегім үшін «Ерен еңбегі үшін» наградасын алдым. «Өмір көркем» бағдарламасында 500-ден аса адаммен сұхбат құрдым, «Сөзің өтімді болсын» курсында да жақсы көрсеткіш байқалады.

Қызымның жетістіктері де қуантады, ол бірнеше халықаралық байқауда топ жарып қуантып жүр.

Барды бардай атап өтетін бейбіт жылдың өткеніне шүкір. Өткенімізге өкінбей, ертеңімізге үміт артып, қуат жинау үшін Өз нәтижелеріңізді қадірсіз қалдырмаңыздар» деді ол инстаграм парақшасында.

Өткен күнге көз жүгіртіп, оқырмандарға жетістіктерін бөлісу үшін Әйгерім эстафетаны әріптесі, сән саласында тәжірибесі бар Динара Сәтжанға, отандық футболды алға сүйреуге атсалысып жүрген Асхат Тағыберген мен жақында радио ашқан әнші Мейрамбек Бесбаевқа жолдады.