Жүргізушінің артында 4 баласы қалды: Елордада қайтыс болған жолаушы жалғызбасты ана болған — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда болған ірі көлік апатынан қаза болған жолаушы жалғызбасты келіншек болған. Оның кәмілетке толмаған баласы бар. Ал, марқұм жүргізушінің артында 4 баласы қалды, деп хабарлайды КТК.

 

Апаттан қаза болған жолаушы 26 жастағы келіншек, екіншісі 53 ажстағы автобус жүргізуші екені анықталды. 

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобус соқтығысып, жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көліктер соғылған еді. Апат салдарынан 2 адам көз жұмып, 27 адам зардап шекті.

№303-қоғамдық көлігі бағдаршамның қызы түсіне тоқтап тұрған автобусты қатты соқты. Апаттан зардап шеккендер арасында 6 адам ауыр жағдайда. Бір адамның жағдайы өте ауыр. 8 адам орташа деңгейде деп бағаланды. 

Қазіргі уақытта жол апатына қатысты тексеру жүріп жатыр. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz