Жүргізушілер төрт күннен бері Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолында тұр – видео

0

Құтқарушылар таяуда соққан боранның салдарымен күресіп жатыр. Қар құрсауында қалған жүзге жуық жүргізуші 18 ақпаннан бері тас жолда тұр. Құтқарушылар оларға ас-су жеткізді.

ТЖ қызметтері мониторинг жүргізіп, жолда қалған жүргізушілерге көмектесуде. 22 ақпанда елорданың төтенше жағдай департаменті әкімдікпен бірлесіп Нұр-Сұлтан – Павлодар трассасында тұрған 90 жүк көлігі мен арнайы техника жүргізушілеріне ыстық тамақ жеткізді.

Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолында 20 техника жолды қардан тазалап жатыр.

Қазгидромет ақпаратынша, 23 ақпан жексенбі күні елорданы қалың тұман басады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда наурызда ауа райы қандай болады

Қазақстанның солтүстік өңіріндегі жолдарда жағдай әлі де күрделі. Нұр-Сұлтан – Павлодар трассасында қозғалыстың шектелуіне қар, бұрқасын мен жолдың нашар көрінуі себеп болды.

Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Түнде кей жерлерде бұрқасындатады, тұман түседі және желдің жылдымдығы 20 м/с жетеді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз