жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақ болған абзал

Жауын-шашын салдарын жоюда 860 арнайы техника мен 1320 жұмысшы жұмылдырылатын болады.
Алматы әкімдігі қала тұрғындарын алда болатын көктайғақты ескертіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz Жасыл экономика басқармасына сілтеме жасап.
11-ақпан күні кешкі уақыттан бастап Алматыда тәулік ішінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Соның нәтижесінде көктайғақ болады. Жолдарды мұз басуға байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы ара-қашықтықты сақтап, шұғыл іс-әрекеттерден сақтануға кеңес береді.
Ал жаяу жүргіншілер жаңбырдың нәтижесінде мұз басатын аяқ жолдарда жүргенде қауіпсіздік шараларын сақтап, көп қабатты ғимараттарға аса қатты жақындамағаны дұрыс.
Жауын-шашын салдарын жоюда 860 арнайы техника мен 1320 жұмысшы жұмылдырылатын болады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz