Жүргізушілер көз жұмды: Павлодарда қарама-қарсы келе жатқан көліктер соғылды

Сурет: https://azh.kz/
Қарама-қарсы келе жатқан екі көлік соғылып, жүргізушілері көз жұмды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 2020 жылы 21 қарашасында сағат 23:30 шамасында Павлодар-Омск тасжолының 31 километрінде болған.
«Павлодардағы Сычевка ауылының маңында ВАЗ-2107 және Lada Vesta көліктері соғылды», — деді ведомстводағылар.
Жол-көлік апаты салдарынан ВАЗ 2107 көлігінің 53 жастағы және Lada Vestа көлігінің 40 жастағы жүргізушілері көз жұмды. ВАЗ-2107 автокөлігінің жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.