жүргізуші жас жігітті құтқару үшін өз өмірін қиған

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Астана су арнасының» төрт сантехнигі кәріз құдығында метан газына тұншығып қалған болатын. Кінәлілер жазасын алды

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. «Астана су арнасы» мекемесінің қызметкерлері төрт бірдей жұмысшының өліміне себепші болғаны үшін сотталды.

Мекеменің Алматы ауданы бойынша кәріз қызметі бастығы мен механигі үш жарым жылдан жаза арқалады, деп хабарлады КТК.

Төрт адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиға биыл мамыр айында болған. «Астана су арнасының» төрт сантехнигі кәріз құдығының ішіне түсіп, сорғы станциясына жөндеу жұмыстарын жүргізбек болғанда метан газына тұншығып қалды. Ал істен шыққан, пайдаланылмайтын кәріз құдығы «Астана су арнасы» мекемесінің тізімінде тұр.

Қайғылы жағдайдан екі адам аман қалған еді. Олардың бірі, 1998 жылғы жігіт газдан уланып ауруханаға түсті. Оны қаза тапқандардың бірі құдықтан ары итеріп жіберіпті. 1967 жылғы автокран жүргізушісі Амангелді Жаркеев осылайша жас жігітті аман сақтап қалу үшін өз өмірін қиған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз