Жүргізуші талып қалған — Алматыда «ГАЗель» аударылды

0

Жүргізуші жақын жердегі ауруханаға жатқызылды, ал жол-көлік оқиғасы болған жерде жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Алматы қаласындағы Абай даңғылында «ГАЗель» көлігі аударылып қалды. Алдын ала болжам бойынша, жүргізушінің денсаулығы рөлде отырғанында сыр берген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, «ГАЗель» жүргізушісі Абай даңғылының бойымен батысқа қарай жылжып бара жатқан. Тұрғыт Озал көшесінен өте берген кезде күтпеген жерден жиектасқа барып соғылады. Алдын ала болжам бойынша, жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап, талып қалған.

Көлік жиектасқа соғылғаннан кейін 360 градусқа айналған. Кейін жерге дөңгелегімен түсіп, тағы да жанына қарай аударылады.

Жүргізуші әртүрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында дәл қазір жол полицейлері жұмыс істеп жатыр.

Бірнеше күн бұрын Алматы қаласында осыған ұқсас жол апаты болған-ды. Жеңіл көлік қарама-қарсы бағытқа шығып, екі көлікке соғылған.

 

 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/