Жүргізуші есінен танып қалған: Алматының қақ ортасында «ГАЗель» аударылып қалды — новости Казахстана

0

Алматының қақ ортасында бордюрге соғылған «ГАЗель» көлігі аударылып қалды. Болжам бойынша, жол апаты көлік айдап келе жатқан жүргізушінің өзін жайсыз сезінуіне байланысты орын алған деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © Sputnik / Стрингер

Фото: © Sputnik / Стрингер

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, «ГАЗель» Абай даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатқан. Тұрғұт Озал көшесін өте бергенде көлік аяқ асты шетке бұрылып, жоғары жылдамдықпен бордюрге соғылған.

Нәтижесінде, көлік 360 градусқа айналып, қайтадан бордюрге соғылды. Артынан «ГАЗель» өз қатарына оралып, аударылып қалды.

Көлік жүргізушісі жарақат алған. Оны бірден жедел жәрдеммен алып кетті.

Оқиға орнында полицейлер қызмет етуде.

Дереккөз: kaz.nur.kz