жүргізуші бір топ баланы қағып кетті

0
101

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Шымкенттегі автотұрақтардың бірінде жүргізуші жасөспірімдерді қағып кетті, деп хабарлады қаланың полиция департаменті.

«2019 жылдың 27 мамырында сағат 15:30-да әл-Фараби ауданының полиция бөлімшесіне автотұрақтардың бірінде Opel Kadett көлігі кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қағып кеткені туралы хабар түсті», – делінген хабарламада.

Оқиға орнына шұғыл жеткен патрульдік полиция анықтағандай, жүргізуші 6 жасөспірімді қағып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккен бір бала қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қалған бесеуі жеңіл-желпі жарақат алып, үйлеріне қайтарылған.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда жеті көлік соқтығысты: бір адам ауруханада

ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.



sputniknews.kz