Жүргізуші әйел балабақшадан шыққан бір топ сәбиді басып кетті

Қысқа сілтеме алу
Жантүршігерлік жол апаты Жапонияның Оцу қаласында болған
НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Жапонияда жүргізуші әйел балабақшадан шыққан бір топ сәбиді қағып кетті деп хабарлайды the Star Online басылымы.
Сейсенбі күні таңертең Оцу қаласында екі көлік соқтығысқан. Қатты соққыдан көліктің бірі тротуарға бір-ақ шығып, тәрбишілермен бірге серуендеп жүрген бір топ сәбиді қағып кетеді. Апат болған кезде бүлдіршіндер жолдан өту үшін бағдаршамның жасыл жанғанын күтіп тұрыпты.
Тағы оқыңыз: Баланы қағып кеткен жүргізуші көлігін тастап, қаша жөнелді
Жол апатынан кейін 15 адам ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде 13 бала бар. Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, 2 сәби қаза болған.
Екі көліктің де рөлінде әйел адам болыпты. Екеуі де қамауға алынған.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
sputniknews.kz