Жүрегінде ақауы бар қазақ спортшысы өз мансабын аяқтамақшы — новости Казахстана
«Астана» президенттік клубы қазақстандық велошабандоз Бақтияр Қожатевтың жүрегінде ақау бар екені анықталған соң келісім-шартты әрі қарай созбады деп хабарлайды клубтың ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
2018 жылы қыркүйекте спортшылардың жаттығу кезеңінде жиналғанда Бақтияр Қожатаевтың денсаулығында кінарат пайда болған.
Танымал кардиологтар тез арада тереңдетілген тестілеу сериясын өткізеді.
Спорттық дәрігерлер қауымдастығының қабылдаған шешімі бойынша және «Астана» клубы дәрігерлер құрамының тексеруі нәтижесі Бақтиярдың кәсіби жарыстарға қатыса алмайтындығын көрсеткен.
«Астана» командасының бас дәрігері Серж Ниамке жағдайды нақты білу үшін соңғы айларда Бақтиярды бірнеше кардиологиялық орталықтарда тексеруден өткізгендерін айтты.
Тесттің нәтижесі оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын көрсеткенімен, Бақтиярға кәсіби жарыстарға қатысуға рұқсатын бермеді.
Білікті мамандар оған денсаулығына байланысты кәсіби мансабын аяқтау туралы кеңес берді
Бас менеджердің айтуынша, бұл жағдай команда үшін ауыр соққы болған.
Ол тест қорытындысы өздері ойлағандай болмаса да спортшының денсаулығы бірінші орында тұратынын, Бақтиярдың жас, талантты велошабандоз екенін, одан көп үміт күткендерін тілге тиек етті.
Соынмен бірге, қиын кезде Бақтиярға команда болып қолдау білдіретінін, оған болашақта үлкен жетістік пен денсаулық тілейтіндерін жеткізді.