«Жүрегімізге ауыр тиді»: Айнұр Тұрсынбаеваның жолдасы 20 жылға сотталған Дикий Арманға жазба арнады

0

Түркияға қоныс аударған айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның жолдасы күні кеше Қаңтар оқиғасына байланысты 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиевке жазба арнады.

Ақынның жолдасы Нұржан Иманәлиев – Арман Жұмагелдиевтің жақын досы.

“Бүгін Арман бауырымызға және оның жанындағы бауырларымызға қатысты қатаң үкім шықты. Бұл жүрегімізге ауыр тисе де, біз мұсылман ретінде Алла Тағаланың сынақтарына сабыр етіп, әр нәрсенің хикметін түсінуге тырысамыз. Алла Тағала жүрегімізге сабыр беріп, бұл қиыншылықты жеңуге күш-қуат нәсіп етсін! Сабыр – мұсылманның ең әсем қасиеттерінің бірі. Арман бауырымыз бен оның отбасына бұл сынақ үлкен емтихан екені сөзсіз. Бірақ әр қиындықтың артында жеңілдік бар екенін ұмытпайық. Бұл сәтте біз бауырларымызға қолдау көрсетіп қана қоймай, дұғада болуымыз керек. Алла Тағала барлығымызға сабыр мен иман берсін, бұл сынақтың ақырын жақсылыққа айналдырсын. Арман бауырымыз бен оның отбасына Алланың мейірімі жауып, жүректеріне тыныштық нәсіп еткей”, – деп жазды Нұржан.