«Жүрегім елжіреді»: Білім министрі желіде таралған Нұрисламның видеосына жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде таралған видеода өзінің мұңын шаққан Нұрисламға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

«Мен кеше сен түскен бейнежазбаны көрдім, Нұрислам. Ұстаз ретінде сені көріп жүрегім елжіреді. Нұрислам анасы оны қатты жақсы көргендіктен, баласын білімді азамат болуына барын салуда. Нұрислам анасының сөзін тыңдап, оны ренжітпеуі керек», — дейді Аймағамбетов. 

Сөзінше, өзін сағындырған ұстаздар — нағыз білікті қызметкерлер. 

«Нұрислам секілді өзінің мектептегі достары мен мұғалімдерін сағынып жүрген оқушылар өте көп екендігін түсінемін. Бұл қалыпты дүние. Жалпы, біздің елімізде керемет ұстаздар бар екендігі — өте қуантарлық жайт. Оқушылардың оларға деген сағынышы мұны дәлелдеп отыр. Оқытушыларды бағалауымыз қажет», — деп қосты шенеунік. 

Білім министрі Нұрисламға және басқа да балақайларға кітапты көп оқу керек деп кеңес берді. 

«Сіздер ұстаздармен күнде видеобайланыста боласыздар. Өздеріңіздің сыныптастарыңызбен бірге білім алу үдерісін жалғастырасыздар. Ата-аналарыңыз бен апайларыңызды тыңдаңыздар. Қолдарыңызды жиі жуып, жаттығу жасап, жақсылап тамақ ішіп, ұйқыны қандырып, жаңа тоқсанға дайындалыңыздар», — деді министр. 

Еске салайық, бұған дейін өзінің үйде оқығысы келмейтіндігін айтқан балақай жұрттың көңілін елжіреткен еді. 



stan.kz