«Жүрегім ауырып тұр»: Айжан Байзақова басқа қалаға қоныс аударды

0

Танымал блогер, кәсіпкер Айжан Байзақова өмірінде болып жатқан өзгерістерді бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер туып-өскен жерін тастап, отбасымен бас қалаға қоныс аударды.

“Біз Астанаға көшіп жатырмыз. 2022 жылы Нұрбектің ата-анасымен танысуға келген кезде әкесіне «баламыз туғанда келеміз» деп уәде берген едік. Бірақ  ата-енем Алматыға көшіп келеді деген үміттеніп едім. Асад дүниеге келгелі ата-анамыз Алматыда біздің қасымызда болды. Бұл уақытта ол кісілерге қатты үйреніп қалдым. Сосын уәдемізде тұрайық деп шештік. Бұл шешімді қабылдау оңайға соқпады. Мен Алматыны сүйемін. Астанадан үнемі қашатынмын. Бірақ отбасыммен бірге болғым келді. Бұйыртса Алматыға қонаққа келіп тұрамыз», – дейді жас ана.

Сонымен қатар блогер жаңа қалаға үйрену үшін оқырманынан көмек сұрайтынын ескертті.

“Екі аптадай кеткім келмей жылап жүрдім. Жұрт ақымақсың деп мені сөгіп жатыр. Маған шынымен де қала алмастыру қиынға соқты. Басқа мемлекетке көшкім де келмейді. Мен Алматыны шексіз сүйемін. Астана туралы ештеңе білмеймін. Қай жерде не бар екені және оған қалай жету керегінен де хабарсызбын. Сондықтан оқырманымнан көмек сұрайтын боламын. Бұл қалаға да үйреніп, ғашық боламын деп үміттенемін. Сіздерден де қолдау күтемін. Әйтпесе Нұрбектің шамасы келер емес”, – деп әзілдеді блогер.

Еске салайық, Айжан Байзақова інісінің атышулы видеосына пікір білдіргенін жазған едік.