«Жүрегі тоқтап қалды»: Ақтауда коронавирустан көз жұмған ер адам туралы белгілі болды – Қазақстан жаңалықтары

0
2
Advertisement

Ақтауда 54 жастағы ер адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көз жұмған науқас екінші дәрежелі қант диабеті және пневмонияның ауыр түрімен ауырған. Мамырдың 29-ы күні дене қызуы көтеріліп, жөтел басталған науқас дәрігерге жүгінген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, оның дене қызуы 38 градусқа көтеріліп, жөтел басталған. Келесі күні, 30 мамырда, ол дәрігерге барып, дереу көпсалалы уақытша ауруханаға орналастырылды.

«Артынша коронавирус сынағынан өтті. Тест нәтижелері оң нәтиже берді. Ауруханаға түскен сәттен бастап ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Алайда, өкінішке орай, ауруханаға түскеннен кейін 10 күн өткен соң, 9 маусымда науқастың жүрегі тоқтап қалды», – делінген хабарламада.

Осылайша ауыр халде жатқан науқас коронавирус індетінен көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елімізде коронавирус індетінен көз жұмғандардың саны 67-ге жетті.

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз