«Жұмыста үнемі шорти, майкімен жүреді». «Киллер» басшыдан шаршаған Қазғұрт полицейлері заңгерге шағымданды

0

Қазығұрт ауданы Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері заңгер, құқық қорғаушы Айгүл Орынбектен басшыларының ұратынын, қорқытып ақша жинайтынын айтып көмек сұраған.

«Жұмыста үнемі шорти, майкімен жүретін» басшы орынбасарының лақап аты «Киллер» көрінеді.

Бұл туралы kznews.kz сайты Айгүл Орынбектың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құқығы тапталған қызметкерлер Айгүл Орынбекке «Бізді бастықтың орынбасары кличкасы “ Киллер” бізді кабинетіне кіргізіп ұрады. Бізден, сосын учаскілік қызметкерлерден қорқытып ақша жинайды. Біз түгілі генералдар қорқады бұдан», — деп жазыпты.