«Жұмыста қалу үшін басшылармен жату керек пе?»: Атырау облысында полиция қызметкеріне басшысы қол жүгірткен — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысы Полиция департаментінде жұмыс істейтін бойжеткен көпшіліктен көмек сұрайды. Айтуынша, басшысы жұмыс барысында оның ұятты жерлерін ұстап, қол жүгірткен. Бұл туралы белгілі құқұқ қорғаушы Айгүл Орынбек өз әлеуметтік желісінде бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әйел

«Атырау облысы Полиция департаментінде жұмыс жасаған қыз көмек сұрайды. Қыздың аты-жөні Динара Болат . Басшысы жұмыс барысында ұятты жерлерін ұстап, қызға қол жүгірткен. Қыз қарсылық білдірген соң, қудалауға ұшырап жатыр екен. Қыздардың құқығын қорғайды деген полиция қызметкерлері, қыздарымызды қорлап жатса, басқалар не істемейді?
Сонда жұмыста қалу үшін міндетті түрде басшымен төсектес болу керек пе?
Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз өзі?

«Айгүл мына қазақтың қызына көмек бер» деп жан жақтан шығып отырған соң, қызбен байланысқа шыға алмай отырмын, амал жоқ осы постты жазуыма тура келді. Министр Ерлан Тұрғымбаев қоғамды емес бірінші өз қызметкерлеріңізді тәрбиелеп алғаныңыз жөн ау! Нұрділдә Ораз қазақ қыздарын кім қорғайды? Атырау Прокуратура назарына Динара Болатты өз қорғауларыңызға алуларыңызды сұраймын», – деп жазды Айгүл Орынбек өз Facebook-парақшасында.

Атырау облысы Полиция департаментінде жұмыс істейтін Динара Болат та өз әлеуметтік желісінде ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтан көмек сұрап жазған. Ол Полиция демартаменті бастығының орынбасары үйіне қызметкерлерін жіберіп мазасын алып жатқандығын айтады. 

«Құрметті Ерлан Заманбекұлы! Сізден әділдікпен, қорғаныш сурап жазып отырмын. Менің өміріме қазіргі уақытта қауіп төніп отыр. Төмендегі бейне жазбада көрінеді. Полиция демартаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Н.К.Оразбаев үйіме өзіне бағынышты құрылым қызмет басшыларын (Экстремизм іс-қимылға қарсы басқармасының бастығы А. Мендіғалиевты) және басқада қызметкерлерін үйіме жіберіп мазамды алып жатыр. Сол себептен Ерлан Заманбекұлы маған шұғыл түрде көмек беруіңізді сұраймын!», – деп жазды Динара Болат өз Facebook-парақшасында.

stan.kz