Жұмыссыз қалған 35 мың азаматқа жәрдемақы тағайындалды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер әлеуметтік төлем алуға құқылы

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Жыл басынан бері мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты 35,5 мың адам әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мамыр айында 5,2 мың азаматқа жәрдемақы тағайындалды.

Ал төлем тағайындау үшін жұмыстан босаған қызметкер Egov.kz порталында тіркеуден өтуі тиіс.

«Ол жерде «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміндегі «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдайсыз. Содан кейін онлайн-қызметке тапсырыс беріп, сол жердегі торкөздерді толтырып, ЭЦҚ арқылы өтінімді жіберу қажет», – делінген министрлік хабарламасында.

Бір күн ішінде тұрғылықты жердегі халықты жұмыспен қамту орталығы өтінім берушіге бос жұмыс орындарын ұсынады. Ал егер жұмыс табылмаған жағдайда 3 жұмыс күні ішінде азаматқа қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі.

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттен әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар тізімі өзгерді

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.

Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.



sputniknews.kz