«Жұмыссыз отыра алмаймын»: Бір бүйрегін бейтаныс қызға сыйлаған оралдық ер адам кәсіпкерлерден көмек сұрайды — Қазақстан жаңалықтары

0

Бірнеше жыл бұрын бейтаныс қызға бір бүйрегін берген оралдық Абзал Әділов қалалық кәсіпкерлерден жұмысқа орналасуға көмек сұрады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

27 жастағы Абзал Әділовтың сөзінше, биылғы жылдың шілде айында қаланың бұрынғы әкімі Мұрат Мұқаевтың қабылдауында болған. Сол кезде жұмыс іздеп жүрген Абзалға қала басшысы көмектесетінін айтыпты.

«Маған жақсы жұмыс керек. Сонымен қатар электрик мамандығы бойынша оқығым келеді. Мұрат Мұқаев көмектесетінін айтқан еді, алайда мен оын күтпестен супермаркетке күзетші болып орналастып. Себебі ипотекам бар. Алайда кассада қомақты ақша кем шығып қарыздың бәрін күзетшілердің мойнына ілмек. Мен жұмыстан шығып кетуді ұйғардым. Себебі айлығым – 70 мың теңге. Оның 43 500 теңгесі ипотеканы жабуға кетеді. Қалған ақша азық-түлікке, коммуналдық қызметтерді төлеуге, балаға жұмсалады. Әйелім балабақшада жұмыс істейтін. Алайда қазір бала күтіміне байланысты демалыста. Қазір жұмыссыз отыра алмаймын», — дейді Әділов. 

Ер адамның сөзінше, ол өзіне мүгедектік беруін сұраған. Алайда бас тартылыпты.

«Дәрігерлер бір бүйрекпен жүргендерге мүгедектік берілмейтінін айтты. Екінші бүйрегім істемей қалғанда ғана мүгедектік алуға жүгіне алады екенмін», — дейді ол. 

БҚО еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментіндегілер Абзал Әділовтың жағдайымен таныс екендерін айтты. 

«Әділов бізге жүгінді. Біз оған мүгедектікті тағайындау ережелерін түсіндірдік. Біздің талаптар бойынша, екінші бүйрегінен ақау шығып, дұрыс жұмыс істеуі тоқтағанда ғана мүгедектік беріледі. Бұл бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты проблемалар болуы мүмкін. Егер ол осындай проблемаларға ұшыраса, тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, сол жерде 4 ай көлемінде қаралып, ем алып, оңалту курсын өтуі керек. Мұнан кейін денсаулығы оңалмаса, мүгедектік тағайындалуы үшін бізге жіберіледі», — дейді департамент басшысының орынбасары Ардақ Мұқанова. 

Абзал 4 қыркүйекте Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың қабылдауында болған.

«Біз сөйлестік. Ол менің мәліметтерімді жазып алып, апта соңына дейін жұмыспен көмектесетінін айтты», — дейді Әділов. 

Десе де ер адам қалалық кәсіпкерлерден жұмысқа орналасуға көмек сұрап отыр.

«Менің карталарымның барлығы бұғатталған. Күн санап несием өсіп бара жатыр. Үйде әйелім мен балам бар. Ауыр жұмыс істеуге мүмкіндігім жоқ. Алайда жұмыссыз қол қусырып отыра алмаймын», — дейді ер адам. 

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қазан айында Абзал Әділов Шымкенттен келген Жамилә Байсеріковаға бүйрегін берді. Қызға шұғыл бүйрек ауыстыру отасы қажет болғанда Абзал ерікті түрде донор болды. 

stan.kz