Жұмысшылар ереуілі: Әбу-Даби плазадағылардың талабы

0
98

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Елордада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» ғимаратының жұмысшылары еңбек шарттарын жақсартуды талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Әбу Даби плаза» жұмысшыларының ереуіліне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сапарбаевтың айтуынша, таңертең салынып жатқан нысанға елорда әкімінің орынбасары, еңбек инспекциясы мен министрлік өкілі барған.

«Бастапқы талап мынадай болды. Біріншісі, түскі асқа қатысты. Жұмыс берушілер түскі ас үшін 500 теңге төлейді. Ал шетелдік жұмысшылар арнайы асханада тамақтанады екен. Қазақстандықтар 500 теңге аз, үстіне қосу керек деп отыр. Екіншісі, жұмыс уақытына қатысты. Ал үшінші талап – жалақы мәселесі», – деп тізіп берді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сапарбаев жұмысшылардың ереуілінен кейін арнайы комиссия құрылғанын атап өтті.

«Қазақстандық және шетелдік жұмысшылар қанша алатынын осы комиссия анықтайды. Еңбек кодексіне сәйкес, егер еңбек ету шарттары бірдей болса, төленетін жалақы да бірдей болуы тиіс», – деді ол.

Министр заңбұзушылық анықталған жағдайда, құқық қорғау органдарымен бірлесіп шара қабылдауға уәде берді.

«Шынын айтқанда, осы «Әбу Даби Плазаға» қатысты мәселеге нүкте қою керек», – деді ведомство басшысы.

Әбу-Даби Плазадағы ереуіл

Бүгін сағат 10:00-де «Абу-Даби Плаза» аумағында субмердігер ұйымдардың жұмысшылары жиналып, еңбек шарттары мен жалақыға көңілі толмайтынын жеткізген.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жиналғандармен қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ерлан Ысмағұлов пен «Есіл» ауданының прокуроры Дамир Қатаев кездесті.

Араға 40 минут салып, құрылысшылар жұмыс орындарына тарқасты.

Қазір олар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Әбу-Даби Плаза құрылысы

«Әбу-Даби Плаза» ғимаратының құрылысы 2010 жылы басталған болатын. Осы уақытқа дейін құрылысы аяқталмаған нысан бес рет өртенді.

Тағы оқыңыз: Теңіздегі төбелес: полицейлер басты күдіктіні ұстады

Соңғы деректерге сүйенсек, сауда орталығын 2019 жылдың 30 қазанында, қонақүй кешенін 2019 жылдың 30 желтоқсанында, ал тұрғын үй кешенін 2020 жылдың 30 қаңтарында пайдалануға беру жоспарланып отыр.



sputniknews.kz