Жұмысқа шығармаса, өтемақы төлеуі қажет: Қоамдық белсенді билікке талап қойды

0

Қоғамдық белсенді Жанболат Мамай карантин салдарынан жұмыссыз қалып, табысы азайған, кредиті төленбей қалған азаматтарға мелмекет тарапынан көмек көрсетілуі керек деп талап қойды.

«Алматы мен Астанада билік қатаң карантин енгізді. Ауру асқынды, соған байланысты көптеген нысандарды жабуға мәжбүрміз деп отыр.

Дәл осы карантиннің салдарынан қазір ондаған мың адам жұмыссыз қалды. Олар қалай күн көреді? Айлықтарын қайдан табады? Несиесін қалай өтейді? Шығындарын қалай жабады? Коронавирустың өршуіне, індеттің асқынғанына мыңдаған қарапайым адамдар кінәлі емес қой. Соларға көрсетіліп жатқан мемлекеттік көмек қайда? Неге қолдау көрсетпейді?

Мемлекет дәл осындай кезде қолдау көрсету үшін керек халыққа. Салықты да сол үшін төлемей ме ел?

Карантин жарияласа, шектеулер енгізсе, билік елге қолдау көрсетуі тиіс. Жұмысқа шығармаса, өтемақы төлеуі қажет. Барлық шығындарын өтеуі тиіс билік. Халыққа несиелік амнистия жарияласын. Кеше ғана қызметінен кеткен Ахметжан Есімовтің АТФ банкіне билік жарты миллиард долларға жуық қолдау көрсетті. Неге қарапайым халыққа көмек көрсетпейді оның орнына? Міне, осыны талап етуіміз қажет. Бұл мәселені ашық көтеретін кез келді. Дұрыс па, ағайын?» деді Жанболат Мамай.