Жұмысқа 10 минут кешіккені үшін әйел адамды басшысы соққыға алған

0
44

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы Павлодарлық Юлия Пузина үшін қатты соққымен басталды. Ол басшы-ер адамның тарапынан жәбір көргенін жайып салды.

Юлия мұз айдынында 13 жыл жұмыс істейді. Ұрыс-керістен алыс жүретін қызметкер. Бұл жолғы жанжал жұмысқа он минут кешіккені үшін басталған. Юлия қателігін түсініп, жұмыс режимін бұзғаны үшін жауап беруге келіскен. Бірақ бастығы кабинетке кіріп, есікті жауып қойып, оны соққының астына алған.

http://t.me/orda_kz
Фото: skyeng.ru