«Жұмыс, мен сені жақсы көремін»  

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Украинаның «Боинг» ұшағында қаза болған стюардесса әлеуметтік желідегі оқырмандарына жұмысы туралы әңгімелеп беріп отырған

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Иранда ұшақ апатынан көз жұмған украиналық стюардесса Валерия Овчаруктың соңғы жазбасы Instagram қолданушыларының көңілін босатты.

«Жұмыс, мен сені жақсы көремін», – деп жазған бойжеткен аккаунтына фото жүктегеннен кейін.

Суретте қыз Бангкоктегі қонақ үйлердің бірінде бассейнде демалып жатыр.

Жазба 2019 жылдың 21 желтоқсанында жарияланған. Екі аптаға жуық уақыттан кейін қолдау пікірлер көңіл айтуға алмасты.

Валерия өз аккаунтында әйгілі R Kelly әнінен үзінді келтірген: «I believe I can fly. I believe I can touch the sky» («Самғай алатыныма сенемін. Көк аспанға қолым жететініне сенемін»).

Бойжеткен жұмыс сапарлары мен саяхаттардан фото жариялап, оқырмандарын түрлі елдердің көрікті орындарымен таныстырып отырған.

«Ұшақ мен үшін ешқашан жай көлік болмайтынына сенемін. Әрбір рейс сұлулыққа, романтика мен қызықты оқиғаларға толы болады», – деп жазды ол бір жолы.

БАҚ-тың мәліметінше, Валерия Овчарук Луганск қаласында туған, теміржол колледжінде оқыған. Кейін авиация институтын бітіреді. 2015 жылы Киевке ауысып, бортсерік болып жұмысқа тұрып, ұшқышқа тұрмысқа шыққан.

Ирандағы ұшақ апаты

Сәрсенбі, 8 қаңтар күні «Украинаның халықаралық әуежолдары» компаниясына қарасты Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы Киев бағытында ұшқан болатын. Ұшақ Тегеранның әуежайынан көтерілген бойда құлады. Ресми деректерге сәйкес, 176 адамның барлығы қаза тапты. Олардың ішінде 167 жолаушы – Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция мен Ауғанстан азаматтары, сондай-ақ, экипаждың 9 мүшесі бар.

Құдайдан көмек сұраған: Иранда құлаған ұшақтан студенттің хаты табылды

Иранның азаматтық авиация ұйымының есебіне сәйкес, жолаушылар ұшағы жерге құламай жатып өртенген. Ал оның ұшу траекториясына қарағанда, экипаж әуежайға қарай қайта бұрылған, алайда штаттан тыс жағдай жайында хабар бермеген. Ал бұқаралық ақпарат құралдары ұшақтың бір қозғалтқышынан өрт шыққанын да жазған. 

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз