26 миллион лайк: жұмыртқаның суреті Instagram рекордын жаңартты

0

Осы уақытқа дейін әлем бойынша ең көп лайк Кайли Дженнер жариялаған суреттер мен видеоларға басылатын еді

Instagram желісінде жарияланған жұмыртқаның суреті әлеуметтік желіде лайк жинаудан рекордты жаңартты. Бұл суретке 26 миллионнан астам лайк қойылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Сурет @world_record_egg аккаунтында жарияланды. Парақшаның иесі осы уақытқа дейін желіде ең көп лайк жинаған Кайли Дженнерден асып түскісі келетінін ашып айтқан-ды.

https://www.instagram.com/p/BsOGulcndj-/?utm_source=ig_embed

Дәл қазір Кайли Дженнер жариялаған видеоға 34 миллионға жуық лайк басылған. Бұл — оның ең көп көрілім жинаған видеоларының бірі.

БАҚ-тың хабарлауынша, аккаунт иесі өзінің кім екенін айтудан бас тартты. Басылымға өзін ұлыбританиялық тауық Генриет деп таныстырыпты.

https://www.instagram.com/p/BsZVNnyHgy1/?utm_source=ig_embed


Дереккөз: https://sputniknews.kz/