Жұмашовтың 12 досы: олигархтар The Ritz-Carlton мерейтойын қалай атап өтті

0

2 қарашада The Ritz-Carlton Almaty қонақүйі өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Сервистің эталондық деңгейін көрсететін қонақүй Қазақстанның оңтүстік астанасының визит карточкасына айналғаны белгілі. Мерейтойлық шараға ығай мен сығай тегіс жиналды. Қонақүй иесі Сержан Жұмашов мерекеге өзінің достары — олигархтарды шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір күнде екі мереке

Ерекше қонақтардың арасында Дінмұхамет Ыдырысов, Нұрлан Смағұлов, Марғұлан Сейсембаев және тағы басқалар болды. Айта кету керек, олигархтардың бірге түскен фотосуретін мереке қонақтарының бірі  – кәсіпкер Арманжан Байтасов жариялады.

Ол қонақүй иесін он жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, Жұмашов осы күні өзінің барлық жақын достары мен таныстарын жинай алғанын атап өтті.

Қонақүйдің мерейтойы дәл осы күні 57 жасқа толған Марғұлан Сейсембаевтың туған күнімен тұспа-тұс келді.