Жұма намаз оқыған адамның барлық күнәсі кешірілетіні рас па?
Жұма намазын ислам дінінде өте маңызды саналады, бұл жамағатпен оқылатын ғибрат. Алайда, мұсылмандардың басым бөлігін жұма намазын оқығанда қандай күнәлар кешіріледі деген сұрақ мазалайды. Бұл сауалға дінтанушы маман Абдусама Қасым жауап берген деп жазады islam.kz.
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің сөздерінің бірінде: «Жұма намазы келесі жұма арасындағы күнәларды жуып-шаяды…» деп сүйіншілеген. Демек, екі жұма арасындағы күнәлардың барлығы кешіріледі», — деді Абдусамат Қасым.
Алайда дінтанушының сөзінше, бұл хадисте айтылған күнәлар «кіші күнәлар» екен. Себебі хадис «егер үлкен күнәлардан сақтанған болсаңдар» деп аяқталады.
Үлкен күнәларға: зина, өсім жеу, ғайбат айту жатады.
«Үлкен күнәлар кешірілуі үшін іштей өкініш білдіріп, келесі де қайталамау шартымен тәубе ету қажет», — дейді дінтанушы.