Жұма күні Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

0

Жұма күні Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«13 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ, облысының шығысында қатты жанбыр күтіледі. Түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады», — делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

«Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады», — делінген хабарда.

Алматы облысында кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 17-22 м/с. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорган қ.: 13 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 17-22 м/с.

«13 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың шығысында 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қ.: 13 тамызда кей уақыттарда тұман күтіледі», — деді «Қазгидрометтен».
13 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.