Жұма күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталмақ
Тек республиканың батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Қазгидромет» РМК орталығы 15 наурыз күні Қазақстан аймақтарында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның көптеген бөліктерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа-райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын түседі. Тек республиканың батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіліп, солтүстікте жел жаяу бұрқасынмен, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан обласында желдің күші 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, күндіз кей уакыттарда 30 м/с және одан аса болуы мүмкін, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады.
Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, күндіз 15-20, кей уакыттарда 30 м/с және одан жоғары болуы күтіледі, кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады.
Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, кей жерлерінде тұман бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.
Күндіз Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қарағанды обласының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Шығыс-Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 18-23 м/с күшеюі сақталады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шанды дауыл болады.
Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, түнде Ақтөбе обласында көктайғақ күтіледі.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz