Жұма күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталмақ

0

Кей жерлерде республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталып, жел күшейеді.

1-ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде түнде қатты қар жауады, тек Қазақстанның оңтүстігі мен батысында күн жауын-шашынсыз болады. Карск теңізі ауданынан суық ауа массаларының енуіне байланысты солтүстік аудандарында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Кей жерлерде республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады, жел күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында екпіні 20-25 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде кей жерлерде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/