Жұма күнгі ауа райы болжамы

0
86

2018 жылғы 28 желтоқсан 01:40 213

Бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел: Жұма күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат – 28 желтоқсан күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы күн райының сақталуына байланысты жауын-шашындар күтіледі. Еліміздің тек оңтүстік және шығыс аудандарында жұма жауын-шашынсыз өтеді. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады, желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Жамбыл облысында көктайғақ болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерін тұман басады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-28 м/с жетеді.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз сақталады.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz