Жұма 18 қаңтарға ауа райы болжамы: тұман және көктайғақ

0
150

Жұмада күн жылынады, оның үстіне тұман түсіп, көктайғақ болып, жел соғады

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы қолайсыздығы туралы ескерту жасады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада, Gismeteo порталының мәліметінше, 7 градус аяз болады, түнде – 10 градус аяз. Күндіз аздап қар жауады.

Алматыда жұма күні аздап жаңбыр жауады, ауа температурасы күндіз 5 градус және түнде 1 градус жылы.

Шымкентте күндіз 11 градус жылы, түнде плюс 1 градус. Аздап жаңбыр жауады.

Өңірлердегі ауа райы

Синоптиктердің мәліметінше, Алматы облысында кей жерде тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерде тұман, күндіз Жарма ауданында желдің екпіні 20 м/с. Жамбыл облысында да кей жерде тұман және қатты жел – 23 м/с.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні – 20 м/с. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерде тұман, Атырау облысында кей жерде көктайғақ.

Дабылды ескерту

Қостанай облысында алдағы үш күнде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні – 20 м/с.

Қызылорда облысында 18-20 қаңтарда кей жерде тұман және көктайғақ болады.

Жұма күні Түркістан облысында тұман, күндіз басым бөлігінде жел соғады – 28 м/с.

Маңғыстау облысында 18 қаңтарда тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні – 20 м/с.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/