Жұлдызнаманың қай белгісі 2019 жылы жетістікке қол жеткізеді?
Жұлдызнаманың қай белгісі 2019 жылы жетістікке қол жеткізеді?
Шынтуайтында, 2018 жыл көпшілігіміз үшін сәтті жыл болмады. Бәріміздің басымыздан түрлі қиындықтар өтті, тіпті сағымызды сындыруға шақ қалды. Кетіп бара жатқан жыл дегбірімізді де әбден қашырып жіберді. Бүгінгі күні осы жылдың тезірек біткенін қалап, 1 қаңтардан бәрін басынан бастағымыз келіп, құмартып жүргеніміз де өтірік емес.
Жақсы жаңалығымыз да бар — 2019 жыл ескі жылдан анағұрлым жеңілірек өтеді екен. Кең тыныс алып, өз жұлдызнама белгілеріңізге алғыс жаудыра берсеңіздер де болады. Келер жылы жұлдыздар сіздің әрбір ісіңізге жеңілдік пен табыс бермек. Өз бақытыңызды, қуанышыңызды, өмір мәнін табу сізге еш қиынғасоқпайды. Өз еңбегіңіздің нәтижесін көретін кез жетті.
Жаңа жылдың бастапқы үш айы қиындықтармен күресуге тура келеді. Алайда бұл қиындықтар болашақтың жақсы қалыптасуына жол ашады. 2019 жылдың сізге арнаған тамаша таруы бар, өзгеруге дайын болыңыз!
Арыстан (23 шілде – 22 тамыз).
Жұлдызнама белгілерінің ішіндегі ең табыстысы болып үнемі сіздің көрінгіңіз келетіні белгілі жайт. Кез келген жағдайда бәрінің ортасында жүргенді, болғанды ұнатасыз. Бір қызығы, бұл үшін сізге қатты талпыныстың да қажеті шамалы. Бәрі де табиғи қалыпта болады, сіз осылай айналадағы адамдардың көзіне жақсы көрініп, бұдан ләззат та аласыз.
2019 жыл айтарлықтай сәтті бола қоймаса да, өзіңіздің сенімділігіңіздің арқасында табысқа кенелесіз. Кез келген қиындықты жеңіп шығып, биікке әрдайым талпынып отырасыз.
Мерген (23 қараша – 21 желтоқсан).
Сізді ең авантюралық белгі ретінде тануға болады. Мерген табиғатынан еркін ойлайды, сондықтан да үнемі қажетті дүниені ойлайды деп айту әсте қиын. Бұлар шығармашыл адамдар, сол себепті ойлары да астан-кестен болуы мүмкін. Бұл адамдар өздерін ештеңеден шектегісі келмейді.
Дәл сіздің құмарлығыңыз 2019 жылы табыс әкелмек. Ештеңеден қорықпайтын жүректілік сізге өз қырынан көрініп, артыңызда өшпес із қалдыруға мүмкіндік береді.
Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек).
2018 жылы Бикештердің асығы алшысынан түспеді. Алайда көңіл-күйіңізді еш түсірмеңіз, 2019 жыл сіз үшін сәтті болары анық. Сіздің өміріңіздегі ең әдемі жыл болатындығына сенімдіміз. Сізді тамаша көңіл-күй мен ерекше сезімдер күтіп тұр, өзіңіз үшін қымбат қарым-қатынастарға да уақыт табарыңыз анық.
Жаңа жылда танысқан адамдарыңыз сіздің өміріңізді жандандыра түседі. Бәлкім, өмірлік серігіңізді де тауып қалуыңыз ғажап емес. Ең алдымен, жүректеріңіз бен ойларыңыздың үндесетіндігіне көз жеткізу қажет.
Сарышаян (23 қазан – 22 қараша).
Ұзақ уақыт бойы жақсы қарым-қатынас орнататын серігіңізді іздеп жүрген болсаңыз, 2019 жылы махаббатта жолыңыз болады. Көп күтпейсіз, өйткені сарышаяндардың көбісі жылдың басында-ақ қалаулысын кезіктіріп үлгереді.
Сіз бұрыңғы қарым-қатынасты жандандырасыз, болмаса жаңа адам өміріңізде орнығады. Таза ауамен кең тыныстағандай әсерде боласыз. Бұл махаббатыңыз ұзақ уақытқа ұласады.
Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз).
Балықтардың жеке өмірі табысқа толы болмақ. Сарышаянға қарағанда, сізге сәл саябырсып, күте тұрған абзал. Алайда жайлы орынды уақыты келгенде тастау қажеттігін ұмытпаңыз. Сіздің махаббатыңыз ойламаған жерден оянады, сол себепті өзіңізді ештеңеден шектемеуге тырысыңыз.
Дереккөз: Клубер
Дереккөз: http://reactor.inform.kz